Онлайн төлем құпиялылық саясаты
I. Төлемдер.
1. Банктік картамен онлайн төлеу
shop.bavaria-astana.kz сервисі интернет-эквайрингке қосылған және Сіз Қызмет ақысын халықаралық төлем жүйелерінің банктік картасымен төлей аласыз. Таңдаған Тарифіңізді растағаннан кейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың процессинг орталығының төлем парақшасы бар қорғалған терезе ашылады.
Банктік картаңыздың деректерін енгізуіңіз керек. Картаны ұстаушыны қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы пайдаланылады. Егер Эмитент-банкіңіз бұл технологияны қолданатын болса, Сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне бағытталасыз. Қағидалар мен қосымша сәйкестендіру әдістері туралы ақпаратты уәкілетті Эмитент-банктен нақтылаңыз.
Онлайн-төлем қызметі Халықаралық төлем жүйелері қағидаларына сәйкес төлем жасаудың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау қағидатында жүзеге асырылады, бұл үшін тексерудің, шифрлаудың және жабық байланыс арналары арқылы деректерді берудің ең соңғы әдістері пайдаланылады. Банктік картаның деректері процессинг орталығының төлем парақшасына қорғалған терезеге енгізіледі.
Төлем парағының жолына картаның нөмірін, карта иесінің аты-жөнін, картаның қолданылу мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу керек. Барлық қажетті деректер банктік картаның бетінде көрсетілген. CVV2/ CVC2 — бұл картаның сыртқы жағындағы үш таңбалы қауіпсіздік коды.
Әрі қарай осы терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Эмитент-банкіңіздің парақшасы ашылады. Егер сізде тұрақты 3-D Secure коды бапталмаған болса, код телефон нөміріңізге SMS арқылы жіберіледі. Егер Сізге 3-D Secure коды келмесе, Эмитент-банкіңізге хабарласқаныңыз жөн.
3-D Secure — интернет желісінде карта бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Операцияны жүргізіп жатқан карта ұстаушысының шынайылығын дәл сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық операциялардың жүргізілу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
2. Қауіпсіздік кепілдігі
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың процессинг орталығы банктік картаңыздың деректерін қорғап, PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша өңдейді. Ақпаратты төлем шлюзіне беру SSL шифрлау технологиясын пайдаланып жүргізіледі. Одан әрі ақпарат сенімділік деңгейі жоғары банктік жабық желілер бойынша беріледі. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Сіздің картаңыздың деректерін өзге үшінші тұлғаларға бермейді. Картаны ұстаушыны қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы пайдаланылады.
Жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда, Сіз тікелей төлем сервисінің клиенттерін қолдау қызметіне clientservice@bavaria.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.
3. Онлайн төлемдердің қауіпсіздігі
Сіз ұсынған дербес ақпарат (аты-жөні, телефон, e-mail, кредит картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етілмеуі тиіс. Кредиттік картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және shop.bavaria-astana.kz сервисінде сақталмайды.
«Premium Auto Almaty» ЖШС интернет-төлемдерді өңдеудің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Төлем карталарымен барлық операциялар халықаралық төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ақпаратты берген кезде карточкалық онлайн-төлемдер қауіпсіздігі бойынша арнайы технологиялар пайдаланылады, деректерді өңдеу компанияның қауіпсіз жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.
Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:
- Авторландыру жүйесі сатып алушыға оның төлем картасының төлем деректемелері (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді, өйткені бұл деректер авторландыру серверінде сақталмайды және ұрлана алмайды.
- Сатып алушы өзінің төлем деректерін shop.bavaria-astana.kz қосымшасына емес, тікелей «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың авторландыру жүйесіне енгізеді, сондықтан сатып алушының карточкасының төлем деректемелері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.
4. Қызметті сатып алу қағидалары
shop.bavaria-astana.kz сервисінде таңдаған тарифіңіздің ақысын төлеп, сіз shop.bavaria-astana.kz мекенжайында орналасқан жария оферта шартымен келісетініңізді растайсыз.
5. Ақшалай қаражатты қайтару
Ақшалай қаражатты банктік картаға қайтару үшін компанияның талап ету бойынша электрондық мекенжайға жіберетін «Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішін» толтыру керек және жеке басын куәландыратын құжатың көшірмесін қоса тіркеп, өтінішті clientservice@bavaria.kz мекенжайына жіберу керек.
Қызмет көрсету бойынша негізді шағымдар бар болған жағдайда, Компанияның «Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті» алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ақшалай қаражат банктік картаға қайтарылады.
Қатемен жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін жазбаша өтінішпен хабарласып, жеке басын куәландыратын құжаттың және қате есептен шығаруды растайтын чектердің/түбіртектердің көшірмелерін қоса тіркеу керек. Бұл өтінішті clientservice@bavaria.kz мекенжайына жіберу керек.
Қайтару сомасы көрсетілген қызмет құны шегерілгендегі сатып алу сомасына тең болады. Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі Компанияның Өтінішті алған сәтінен бастап есептеле бастайды және мереке/демалыс күндерін есепке алмай, жұмыс күндерімен есептеледі.
6. Төлем жасаған кезде бас тарту себептері:
- банктік карта интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, бұл туралы Эмитент-банкке хабарласып, біле аласыз;
- төлеу үшін банктік картада қаражат жеткіліксіз. Төлем картасында қаражаттың бар-жоғы туралы толығырақ банктік картаны шығарған банкке хабарласып, біле аласыз;
- банктік картаның деректері дұрыс енгізілмеген;
- банктік картаның қолданылу мерзімі өтіп кеткен. Картаның қолданылу мерзімі, әдетте, картаның оң жағында көрсетілген (бұл ай және жыл, карта осы мерзімге дейін қолданылады). Сіз картаның қолданылу мерзімі туралы толығырақ эмитент-банкке хабарласып, біле аласыз.
Банктік карта арқылы ақы төлеу талаптары жөнінде және shop.bavaria-astana.kz сервисінің жұмысына байланысты өзге сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 (727) 333 – 19 – 05.
II. Құпиялылық
1. Жалпы ережелер
Осы Құпиялылық саясатының (бұдан әрі Саясат) нормалары Пайдаланушылардың Сервисті пайдалану процесінде, соның ішінде олардың тіркеу рәсімінен өту процесінде және/немесе Сервис функционалын қорғалған парақшалар арқылы кез келген басқа пайдалану кезінде Сервиске және оның Әкімшілігіне белгілі болуы мүмкін кез келген ақпаратқа (дербес деректерге) қатысты қолданылады. shop.bavaria-astana.kz сервисінің қызметі ашық түрде жүргізіледі. Сервисті (кез келген көлемде, түрде және т.б.) пайдалану мұндай Пайдаланушының осы Құпиялылық саясатының талаптарымен және мұндай Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу тәртібімен толық келісетінін білдіреді. Сервисте тіркелу рәсімінен өту, сондай-ақ Сервиспен танысуға және/немесе оның тіркеусіз қолжетімді функционалын пайдалануға бағытталған кез келген басқа іс-әрекет, сондай-ақ Сервис әкімшілігі Сервисті немесе оның функционалын пайдалануға бағытталған әрекеттер ретінде қабылдауы мүмкін іс-әрекет осы Құпиялылық саясатын акцепттеу болып табылады. Пайдаланушы Құпиялылық саясатының нормаларында қамтылған ережелермен келіспеген жағдайда, ол Сервисті пайдалануын тоқтатуға міндетті. Пайдаланушының Сервисті кез келген қолдануы оның осы Құпиялылық саясатының барлық ережелерімен толық келіскенін және қабылдағанын білдіреді. Осы Құпиялылық саясаты тек Сервиске қолданылады. Сервистің әкімшілігі Сервисте қолжетімді сілтемелер бойынша Пайдаланушы өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың интернет-ресурстарын бақыламайды және олар үшін жауапкершілік көтермейді. Сервистің әкімшілігі Пайдаланушының Сервиске беретін дербес деректерінің шынайылығын тексермейді, бірақ мұндай дербес деректердің шынайылығына мониторинг жүргізу құқығын сақтайды. Егер осы Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережесінің өз күші жойылса немесе жарамсыз болып қалса немесе заңды күші жоқ деп есептелсе, бұл осы Құпиялылық саясатының қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді. Пайдаланушы өзгерістердің бар-жоғына осы Құпиялылық саясатын тексергені үшін дербес жауапкершілік көтереді. Сервис әкімшілігі алдын ала және кейіннен хабарламай, кез келген уақытта жеке өзінің қалауы бойынша осы Құпиялылық саясатын өзгерту немесе толықтыру құқығын өзіне қалдырады. Саясат shop.bavaria-astana.kz қызмет көрсету қағидаларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бас әріппен жазылған сөздер Қызмет көрсету қағидаларында пайдаланылған мағынада қолданылады. shop.bavaria-astana.kz кез келген уақытта Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы. Саясаттың өзгертілген редакциясы оны «Premium Auto Almaty» ЖШС компаниясының сайтында орналастырған сәттен бастап күшіне енеді. Орналастырылатын күн құжатта көрсетіледі. shop.bavaria-astana.kz сервисі интернетте іске асырылатын жалпы қосылу принциптеріне сай берілетін және жүйелік логтарда қамтылған (мысалы, IP-мекенжай) деректерді сервисімізді басқаруға байланысты техникалық мақсатта пайдаланады. Одан бөлек, IP-мекенжайлар статистикалық және демографиялық (мысалы, қай өңірден қосылғаны туралы) деректерді жинау үшін пайдаланылады. www.shop.bavaria-astana.kz сайты жеке қажеттіліктер мен қызығушылыққа сәйкес қызмет көрсету және контент ұсыну үшін cookies пайдалануы мүмкін. Браузерден cookies файлдарын өшіру қызметімізді пайдалануды бұғаттамайды, бірақ белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондай-ақ cookies файлдары сервистеріміздің пайдаланылуы туралы статистикалық мәліметтерді жинау үшін пайдаланылады.
ДЕРЕКТЕРДІ ТЕКСЕРУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ЖОЮ ҚҰҚЫҒЫ. ШЕКТЕУЛЕР
Пайдаланушы мен Серіктестің кез келген сәтте өз деректерін қарап шығуға құқығы бар, сондай-ақ «Premium Auto Almaty» ЖШС компаниясының келісімімен оларды жаңарту немесе жою мүмкіндігі бар. Біздің қызметімізді заңсыз пайдалануы себебінен shop.bavaria-astana.kz сайтына қатысуы тоқтатылған тұлғалардың қайта тіркелуінің алдын алу үшін біз қайта тіркелу мүмкіндігін бұғаттауға қажетті деректерді жоюдан бас тартуымыз мүмкін. Сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда деректерді жоюдан бас тартылуы мүмкін. Заңнамада рұқсат етілген жағдайларда, «Premium Auto Almaty» ЖШС, егер бұл үшінші тұлғалардың авторлық (немесе басқа) құқықтарын қорғауға байланысты болса (бірақ құқық иеленушінің жазбаша өтініші бойынша ғана) немесе «Premium Auto Almaty» ЖШС компаниясы мен үшінші тұлғаның арасындағы сервиске қатысты шарттың (мұндай шартта үшінші тұлғаның құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі туралы талап міндетті түрде қамтылады) негізінде Пайдаланушының немесе Серіктестің белгілі бір деректерін үшінші тұлғаларға жария ете алады. Мұндай өтінішті берген құқық иеленуші контентке/өнімге/қызметке авторлық (немесе басқа) құқықтары бар екеніне құжаттық дәлелдемелер ұсынуға міндетті. Сондай-ақ осы құқықтардың бұзылуына айқын күдік туындауы керек. «Premium Auto Almaty» ЖШС Пайдаланушының өзінің қалауымен немесе келісімімен не болмаса нормативтік құқықтық актінің негізінде деректерді алуға құқығы бар мемлекеттік органдардың талап етуімен қолында бар Пайдаланушының деректеріне қолжетімділікті аша алады. «Premium Auto Almaty» ЖШС компаниясына жолданатын электрондық хабарламалар архивке жіберіледі (сақталады) және белгілі бір жағдайларда дәлелдеме ретінде пайдаланылуы мүмкін. Сервис Пайдаланушылардың тіркелген кезде және одан кейін ұсынған барлық деректерін дұрыс деп және Пайдаланушылар дұрыс емес немесе ескірген деректерді өздері түзетеді деп пайымдайды. Сондай-ақ Пайдаланушылар да тек өздерінің деректерін ғана хабарлайтынына не болмаса үшінші тұлғадан - деректер субъектісінен оның деректерін хабарлауға тиісінше рәсімделген келісімін алғанына кепілдік береді. Пайдаланушылардың осы қағидаларды бұзғаны үшін «Premium Auto Almaty» ЖШС жауапкершілік көтермейді.
БАСҚА ИНТЕРНЕТ-САЙТТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР
shop.bavaria-astana.kz сервисінде орналастырылған сілтемелер бойынша Пайдаланушы өткен басқа сайттардың (соның ішінде Серіктестердің сайттарының) иелері немесе әкімшілері қолданатын деректерді қорғау саясаты үшін жауапкершілік көтермейді. Біз деректерді енгізбей тұрып, тиісті сайттарда орналастырылған деректерді қорғау туралы өтініштердің мазмұнымен танысуды ұсынамыз. Пайдаланушы немесе Серіктес өздерінің shop.bavaria-astana.kz сервисіне орналастырған сілтемесі апаратын сайттағы контент үшін толық жауапкершілік көтереді.
ПАЙДАЛАНУШЫҒА НЕ СЕРІКТЕСКЕ ЖІБЕРІЛЕТІН МӘЛІМЕТТЕР (хабарлар, хабарламалар)
shop.bavaria-astana.kz сервисі сервистегі маңызды өзгерістер мен жақсартулар туралы ақпараты бар, сондай-ақ сервистің жұмысына тікелей қатысты өзге де мазмұндағы электрондық хаттарды (push-хабарламаларды) барлық Пайдаланушыларға жіберу құқығын өзіне қалдырады. Сондай-ақ shop.bavaria-astana.kz коммерциялық сипаттағы электрондық хабарламаларды, атап айтқанда жарнамалық хабарларды жібере алады. Коммерциялық сипаттағы жарнамалық және басқа хабарлар жүйенің есептік жазбасына бағытталған немесе одан жіберілген электрондық хабарларға қоса тіркелуі мүмкін.
Жауапкершілікті шектеу
Біз осы Құпиялылық саясатын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, алайда біздің билігімізден тыс факторлар әсер етіп, әрекеттің нәтижесінде ақпарат жария етілген жағдайда, ақпараттың сақталуына кепілдік бере алмаймыз. https://shop.bavaria-astana.kz/ сайты және онда орналастырылған барлық ақпарат қандай да бір кепілдіксіз "сол күйінде" қағидатымен ұсынылды. Біз Сервистің сайтына кіруді шектеуден келтірілген жағымсыз салдар, сондай-ақ кез келген шығын үшін жауапкершілік көтермейміз.
ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
Пайдаланушы мен Сервис әкімшілігінің арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап арызбен сотқа жүгінгенге дейінгі міндетті шарт — бұл 1) келіссөз жүргізу. Егер даулы жағдай бойынша келісімге қол жеткізілмесе, онда 2) дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс беріледі. Шағымды алушы шағымды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде шағым білдірушіге шағымды қарау нәтижесі туралы жазбаша хабарлайды. Тараптар шағым хаттарын адресатқа оның табысталғаны туралы хабарлау арқылы курьермен немесе тапсырысты пошта жөнелтілімімен Тараптардың орналасқан жері бойынша жолдайды. Тараптардың шағым хаттарын өзге тәсілдермен жолдауына жол берілмейді. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органдарының қарауына беріледі. Осы Саясатқа және Пайдаланушы мен Сервистің әкімшілігінің арасындағы қатынастарға ҚР қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
2. Байланыс деректері
Осы Саясатқа қатысты мәселелер бойынша info.astana@bavaria.kz мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз.