KZ / RU
Біздің байланыстар

Әлеуметтік медиа

Астана
KZ / RU

Ережелер мен шарттар

ЗАҢДЫ ЕСКЕРТПЕ.

«Auto Center Astana Motor» ЖШС Сізге өз өнімдеріне деген қызығушылығыңыз және корпоративтік сайтқа кіргеніңіз үшін алғыс айтады және келесі хабарламаларды назарға алуыңызды сұрайды. Бұл сайтта Сізден ЖСН, ТАӘ, телефон нөмірі және тағы басқа өзіңіз туралы кейбір дербес ақпаратты беруіңізді сұрауымыз мүмкін. Дербес ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталатын болады.

Авторлық құқық.

Авторлық құқық BMW AG концерніне тиесілі. shop.bavaria-astana.kz сайтындағы мәтін, суреттер, графика, дыбыстық файлдар, анимациялық файлдар, бейнефайлдар және олардың композициялық орналастырылуы авторлық құқық және басқа да зияткерлік меншік құқықтарының объектілері болып табылады. Бұл объектілерді коммерциялық мақсатта пайдалану немесе тарату мақсатында қайта шығаруға, таратуға, көшіруге, сондай-ақ өзгертуге немесе басқа интернет-сайттарда жариялауға тыйым салынады.

Лицензия.

«Auto Center Astana Motor» ЖШС сайтта өзекті әрі пайдалы ақпарат ұсынуға ұмтылады. Сайт BMW AG концернінің зияткерлік меншігін немесе үшінші тұлғалардың зияткерлік меншігін пайдалануға ешқандай лицензия немесе рұқсат бермейді.

Тауар белгілері.

Егер өзгеше көзделмесе, shop.bavaria-astana.kz сайтындағы барлық тауар белгілері, соның ішінде модельдердің белгіленуі, атаулары, логотиптер мен эмблемалар BMW AG концерніне тиесілі және иесінің рұқсатынсыз пайдаланылмауы тиіс.

Өнімдер туралы ақпарат.

shop.bavaria-astana.kz сайтындағы барлық ақпарат, техникалық сипаттамалар және иллюстрациялар BMW AG концернінің өнімдері туралы ең соңғы ақпаратқа негізделген. «Auto Center Astana Motor» ЖШС shop.bavaria-astana.kz сайтында орналастырылған Тауардың түсі және суреті үшін жауапкершілік көтермейді. Жарықтандыруға және жарықтың түсу бұрышына байланысты Тауардың түсі мен суреті өзгеше болуы мүмкін.

Міндеттемелер.

«Auto Center Astana Motor» ЖШС үшінші тұлғалар жүргізетін сайттардың мазмұны үшін жауапкершілік көтермейді, сондықтан shop.bavaria-astana.kz сайтында берілген басқа сайттарға сілтемелер үшін жауапкершіліктен бас тартады.